Креативті экономика
бойынша онлайн оқыту
бағдарламасы
Үміткерлер 2026 жылдың 15 мамырына дейін онлайн өтінім формасын толтырып, жіберуі тиіс. Оқу тегін.

Supporting the Creative Economy – ағылшын тіліндегі бейнесабақтардан тұратын, орыс тіліндегі субтитрлермен ұсынылатын, төрт апталық онлайн өзіндік оқу бағдарламасы. Бағдарлама мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ мәдени және креативті индустриялар саласының мамандарына арналған. Бағдарлама British Council ұйымы мен Cultural Oxford Associates (Ұлыбритания) бірлесіп әзірленген.


Бағдарлама Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан қатысушылары үшін ашық. Ол мамандарға креативті экономиканы мысалдар мен идеялар, тақырыптық зерттеулер және практикалық білім арқылы тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұл білім креативті экономиканы дамыту саясатын әзірлеу барысында қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларға өз қаласында / өңірінде / елінде креативті және мәдени индустрияларды қолдауға арналған жаңа идеялар мен құралдар ұсынады, әрі Ұлыбританиямен және Орталық Азия елдерімен кәсіби байланыстарын кеңейтеді.

Онлайн бағдарлама 2026 жылғы 25 мамыр мен 22 маусым аралығында өтеді және әртүрлі елдерден қатысушылар жиналып, танысып, тәжірибе алмасатын үш онлайн лайв-сессиямен толықтырылады.
Бағдарламаны толық аяқтаған қатысушыларға British Council және Cultural Oxford Associates тарапынан аяқтау сертификаты беріледі.
БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
15 мамыр 2026 ж.
өтінім беретін соңғы күн
20 мамыр 2026 ж.
кандидаттарға хабарлама
25 мамыр 2026 ж.
оқудың басталуы
22 маусым 2026 ж.
бағдарламаның аяқталуы
КУРСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

16 бейнесабақтан тұратын екі модуль.


Әр модуль негізгі материалдар мен оқу тапсырмаларын қоса алғанда екі сағаттан аспайды.


Курстың барлық мәтіндік материалдары орыс тілінде ұсынылады, ал бейнероликтер орыс тіліндегі субтитрлермен қамтамасыз етіледі.

1- Модуль
Мәдени және креативті индустрияларды түсіну
  • Креативті индустриялардың әсері және мемлекеттік қолдаудың рөлі
  • Креативтілікті анықтау және бағалаудағы негізгі ұғымдар
  • Зияткерлік меншіктің және жергілікті креативті экожүйелердің рөлі.
2 - Модуль
Креативті индустриялардың өсуін қолдау
  • Инвестиция модельдері және индустрия мен мемлекет арасындағы ынтымақтастық
  • Креативті хабтардың, брендингтің және инновациялардың рөлі
  • Креативті экономиканың туризммен және экономикалық дамумен байланысы.
Лайв-сессиялар

Өңірлік креативті экономика сарапшыларымен өтетін үш тікелей эфирдегі лайв-сессия

Лайв-сессиялар туралы ақпарат 2026 жылғы 25 мамырдан кейін жарияланады.
СПИКЕРЛЕР
КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ ?
мәдени және креативті индустриялар саласындағы салалық мамандар
мемлекеттік секторда жұмыс істейтін мамандар
білім беру саласының өкілдері (оқытушылар, зерттеушілер)
шығармашылық және сабақтас мамандықтардың студенттері

саясаттарды әзірлеуге және жетілдіруге, сондай-ақ мәдени және креативті секторды дамытуға қызығушылық танытатын барлық тұлғалар

ӨТІНІМДЕРДІ ІРІКТЕУ КЕЗІНДЕ КЕЛЕСІ КРИТЕРИЙЛЕР САҚТАЛАДЫ:
  • Қатысушы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан немесе Түрікменстанда тұрады және жұмыс істейді.
  • Қатысушы мәдени және креативті индустрияларда жұмыс істейді және креативті экономиканы көрсетеді.
  • Қатысушы 2026 жылғы 25 мамырдан 22 маусымға дейін өтетін оқыту бағдарламасына қатыса алады.
  • Қатысушының жасы 18 жастан жоғары.
ӨТІНІМДЕРДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ
  • Өтінімдер British Council және Creative Kazakhstan агенттігінің өкілдерінен тұратын жобалық топпен бағаланады.
  • Команда өтінімдердің қатысушы талаптарына сәйкестігін және өтінім формасында берілген ақпараттың сапасын бағалайды.
  • Өтінімдердің көп болуы себепті, іріктеуден өтпеген өтінімдерге кері байланыс беру мүмкін емес.
ЖАҢАЛЫҚТАРДАН ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ
Жаңалықтарды өткізіп алмау үшін Creative Central Asia Network
телеграм-каналына жазылыңыз.
Made on
Tilda